"Кім Алланың үйін ретке келтірсе, Алла сол адамның өмірін ретке келтіреді" - деген даналық сөз бар. Мешіт үшін жасалған әрбір іс сүйкімді, әрі мол сауапқа толы.
Рамазанның қарсаңында ҚМДБ-ның Жамыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Нұргүл Әлиханқызының бастамасымен қыз-келіншектер әйелдер намазханасының төменгі қабатына түсіп, көп уақыттан бері қараусыз қалған бөлме, қоймаларды тазалап, үлкен жұмыс атқарды.
Осы уақытқа дейін бос тұрған намазхананың төменгі бөлігі осы тазалық жұмыстарынан соң пайдалануға беріліп, нәзікжандылар үлкен іс тындырды.
Айша (р.а.) анамыз: «Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ауыл аймақтарда мешіт салынуын, олардың таза ұсталуын және хош иіспен жұпарлы болуын әмір етті» - деген. Алла мешітке кішкене болса да әсемдік кіргізген әрбір жанға разы болсын!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі