"Сендердің ең жақсыларың - Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің," - дейді Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі босын). Міне, осы Алланың сөзі жазылған әлемдегі ең ұлы кітап Құранды облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің әрбір шәкірті үйренуде. Солардан үздік шығып, бүгінде Құранға түскен шәкірттерге арналып "Құран" кеші ұйымдастырылды.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі, мешіт ұстазы Нұргүл Алиханқызы бастаған ұстаздар тобы Құранға түскен шәкірттерге Құран кітабын сыйға тартты.
Алланың кәлімін оқушы үшін әрбір әріпіне 10 сауап жазылады. Ал қасиетті рамазанда сауаптан 10 еселенеді. Осындай берекелі айда Құран Кәрімді қолға алып, ережесіне сай оқи алатындары үшін шәкірттер ерекше қуанышты.
Мешіт ұстазы іс-шарада: "Алла Құран жаттаған және амал еткен мұсылмандардың санын арттырсын, әмин," - деп дұғасын жасады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі