Жамбыл облыстық орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің әйелдер намазханасы Алланың қалауымен жаңа кітапханамен гүлденді. Мешітке келген әрбір жан ҚМДБ бекіткен, бағыты дұрыс, пайдалы кітаптарды осында отырып оқи алады.
Қыз-келіншектерге барынша жағдай жасап, сауаттарын арттыру мақсатымен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойыншы Әйел-қыздар секторының жетекшісі, мешіт ұстазы Нұргүл Әлиханқызы осы жобаны іске асыру үстінде.
Жамағаттың қуанышы артып, ендігісі кітапхананы кітаптармен толтыру басталып кетті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі


06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

