#Сарысу: Діни сауат ашу курсының шәкірттері сертификат алды

#Сарысу: Діни сауат ашу курсының шәкірттері сертификат алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарысу аудандық орталық мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен діни сауат ашу курсы соңғы 3 жылдығын қорытындылап, шәкірттерге сертификат табыстады.

Діни сауат ашу курсы Құран, ақида, фиқһ, ахлақ, сияр, тәжуид пәндері бойынша ҚМДБ-дан берілген 1,2,3 сатылы  жоспар негізінде білім берді.

Бүгінде Сарысу аудандық мешітінде 1-сатыны 8 шәкірт, 2-сатыны 2 шәкірт,  3-саты бойынша 1 шәкірт сертификатпен ал 1 шәкірті алғыс хатпен марапатталды. Барлық курс қатысушыларына діни кітаптар қосымша сыйға тартылды.

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: