Қайрымдылық жасаймын деген Тараздық тұрғындар апта бойы шама-шарқынша мешітке азық-түліктер жеткізіп отырған болатын. Біреудің 1 қорап, екіншіден 1 себет, үшіншіден бірнеше дана сынды жамағаттан түрлі азық-түрлері топталды.
Рамазан айында мұқтаждарға көмек көрсету ниетімен Алла үйіне жинақталған аманатты мешіт имамдары мүгедек балалары бар, көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға "Жомарт жұма" науқаны аясында үлестіріп берді.
"Жомарт жұмадан" 26 адамға көмек табысталды. Жәрдем алуға келген көпшіліктің алдына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев шығып, сөз сөйлеп, әр отбасы үшін береке тіледі.
Аталған қайырымдылық әр жұмада өз жалғасын таппақ. Көп түкірсе көл демекші, жақсылық жасауға ниеттенгендер осылайша, бір-бір отбасыны қуантты. Бұл игі іске сізде ұйытқы бола аласыз құрметті оқырман.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі