Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі, орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұйымдастыруымен бүлдіршіндерге арналған "Рамазан тәттісі" таратылды.
Тәттілер салынған қоржындар балаларымыз қасиетті Рамазан айын сезінсін, мерекелік көңіл күй мен ұлық айдын мейірімділігін сіңдіру мақсатында рамазаннан теберік берілді.
"Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев аталған тәттілерді мешіт ауласындағы, көшелердегі қызмет жасап жүрген кісілерге, өткіншілерге "балалаңызға сыйлаңыз" деп таратып берді.
"Қуантсаң, баланы қуант – ақылына сәуле түссін" демекші, шариғатымыз баланы қуантуға ерекше мән береді. Өйткені жаны жайдары жүзі жарқып, көңілі шат бала ғана, өмірге құштар, жан-жақты еркін жетіліп, жайнап өсері сөзсіз.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі