Бүгін күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті JAMBYL телеарнасынан тікелей эфирде көрерменмен қауышты.
Мұсылманның 5 парызының бірі - "Зекет" тақырыбында телеарна тілшісі мен аталған мешіттің наиб имамы Ғалымбек Жапек сүбелі сұқбат, көркем әңгіме өрбітті.
Жамағат арасынан шығып тікелей эфирде қойылған сұрақтарға дәйекті де дәлелді жауаптар қайтарылды. Аталған эфир келесі жұмада жалғасын таппақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі