Тараз қаласының әкімі мешітте ауызашар берді

Тараз қаласының әкімі мешітте ауызашар берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласының әкімі Ержан Жұматұлы облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде 150 адамға арналған ауызашар берді. Мешітте намаз оқып болған соң, ауыз ашуға жиналған жамағат алдында тұрып сөз сөйлеп, исі мұсылман жұртшылықты Рамазан айымен құттықтады. 

Жиында Тараз қаласының мәслихат хатшысы Батырбек Кулекеев, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев және әкімшілік қызметкерлері де болды. 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», – деген. Алла көпшіліктің беріп жатқан ауызашарларын қабыл етсін!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: