Байзақ ауданы "Байзақ баба" мешітінің бас имамы Рамиз қажы Азизовтың ұйымдастыруымен жастармен діни сұхбат өткізілді.
Рамиз қажы қазіргі жастарға терроризммен экстремизмнің қауіп қатері жайында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жастардың дінге деген қызығушылығы арта түскені байқалды.
Соңында сұрақ-жауаптар қойылып, ақида, сенім, ораза жайлы көптеген мәліметтер берілді. Осындай кездесулердің жалғасы болуына өтініштерін білдірді.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі