Ислам діні өз қоғамын қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Әбу Һурайра жеткізген хадис-шәріпте хазреті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) осы мәселеге байланысты: «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек», – деген (Имам Мүслім).
Меркі ауданы, Ойтал ауылының имамы Олжабаев Жанболат Ислам діні жан-жақты саланың барлығын қамтитынын, оның ішінде спортты қолдайтынын дәлелдеп жүр.
Атап айтсақ, Меркі ауданы бойынша 50-ден аса адам қатысқан жарыста 24 кг гір тасын 50 рет көтеріп, үздік шығып, жүлделі 1-ші орынды иеленді. Және де облыстық жарысқа жолдаманы ұтып алды.
Айта кетейік, ауыл имамы Олжабаев Жанболат, осыған дейінде спорттың басқада түрлерінен, командалық ойындарда 1-ші орынды иеленген болатын.
Аудан имамдары алдағы болатын жарыстарда Жанболат бауырызға сәттілік тіледі!
Алла Тағала мұсылмандарға зор денсаулық, күш-қуат берсін! Әумин!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі