#Жуалы: Бала тәрбиесі кездесуге арқау болды

#Жуалы: Бала тәрбиесі кездесуге арқау болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жуалы ауданы бойынша аудан орталығында және ауыл аймақтарда «Отбасындағы бала тәрбиесі мен ата-аналардың міндеттері» тақырыбында ата-аналармен кездесу және кәмелет жасқа толмағандардың қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстары жасалды.

Кесте бойынша  Бауыржан Момышұлы  ауылдық орталық мәдениет үйінде  мектеп мұғалімдері мен оқушы ата-аналарының қатысуымен «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің бас имамы Асхат Аманжолұлы  "Экстремизм мен терроризмді алдын алу" және  "Отбасындағы бала тәрбиесі мен ата-аналардың міндеттері"  тақырыбында іс-шара өткізді.

Шара ауылдарда да жалғасын тауып, Ақсай және Мыңбұлақ ауылдық округтердегі мектептерде ауыл имамдары Бақытжан Бұралхиев пен Сауранбек Сарыпбеков  "Отбасындағы бала тәрбиесі мен ата-аналардың міндеттері" атты жиналыста насихат жүргізді.

Осындай іс-шараларды Боралдай ауылдық округке қарасты Көлтоған ауылдық «Тұрысбаба» мешітінің имамы Әсет Сметов, Күреңбел ауылдық «Күреңбел» мешітінің молдасы Рамазан Исаков және Қарабастау ауылдық «Билікөл» мешітінің имамы Қуаныш Бахтыбеков те өткізді.  

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: