Жуырда Шу ауданы Жиенбет ауылындағы «Жиенбет Жексенбай» мешітінде үлкен кісілер сенбілікке шығып жастарға үлгі көрсетті. Ораза ұстай тұра аға буын өкілдері мешіт айналасын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Оларға мешіт имамы Шүкірәлі Бердібеков ризашылығын білдіріп, батасын берді.
Сонымен қатар сүйсінетін істің бірі Еңбекші мешітінде өтті. Онда мешіт имамы Данияр Исаковтың бастамасымен мешіт ауласына 30 түп терек отырғызылды. Көлеңкесі көпке сая болатын мәуелі боп өсуіне бізде тілектестік білдіреміз.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі