#Шу: Республикалық акцияға үн қосты

#Шу: Республикалық акцияға үн қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан «Тазалық-иманның жартысы» атты республикалық сенбілік акциясы өткен болатын. Аталмыш акцияға Шу ауданының мешіттері де шет қалмай қатысты.

Ауданның бас мешіті саналатын «Жәми» мешітінде ауданның бас имамы Бахтияр Амантайұлының қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізіліп, аула қоқыстан тазартылды. Тал егіліп, шөптер шабылды.

Сондай-ақ осы күні өңірдегі мешіттер де акцияға үн қосып сенбілік жұмыстарын жүргізді. Есік алдына гүл егіп, дарақтар отырғызды. Жамағат жұмылып қоқысты шығарып, Алла үйін әп-сәтте ажарландырып жіберді.

Мұндай мағыналы шаралар ауызбіршілікті арттырып, табиғат деп аталатын Алланың ұлы нығметін бағалауға шақырады.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: