ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев "Нұр Мүбарак" Египет ислам мәдениеті унивеситетінде білім алуға Жамбыл өңірінен барған студенттермен жүздесті.
Жастардың хал-жағдайын біліп, сұқбат құрып, жеке сөйлесіп қайтты. Сиясы кеппеген С.Сейтбековтың "Әмәуи халифаты" кітабын әрбір студентке жеке табыстады.
Қасиетті рамазан айының құрметіне ұстаған оразаларың қабыл болсын деп ниет білідіріп, әр шәкіртке ауызашарға 10 000 теңгеден хадия берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі