Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің ұйымдастыруымен, муфтияттың рамазан айына байланысты тапсырмасына сәйкес «Рамазан қоржыны» акциясы жүзеге асты.
Бұл қайырымдылықта жалпы саны 30 мұқтаж және мүгедектігі бар отбасыларға азық-түлікпен көмек берілді. Бұл акцияда Құлан ауылымен қатар көрші Қарақат ауылына да қоржындар үлестіріліп, қайырымдылықпен қамтылды.
Мұқтаж отбасылар қасиетті айда бір қуанып, берекелі айдың берекесіне тәнті боп, демеуші болған жандарға алғыстарын білдірді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіт баспасөз қызметі