#Шу: Бірлікүстем - белсенді ауыл

#Шу: Бірлікүстем - белсенді ауыл

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына қарасты Бірлікүстем ауылдық мешіттің тындырымды істері көп. Осы мешіттің имамы әрі ауылдың қадірлі қариясы Жетпісбай Әлімбеков үнемі ізденіс үстінде жүріп, елге болсын деген ниетпен күн кешеді.Ол кісіге Алла дәйім қуат беріп, игі істің басы-қасында болуын нәсіп етсін демекпіз.

Жақында Бірлікүстем ауылдық мешіттің имамы Жетпісбай Әлімбековтың мұрындық болуымен бірқатар шаралар  өткен болатын. Соларды тарқатып жазсақ. Нәпсіге ауыр келетіні таң намазы десек, ауыл имамы өзге намаздан бөлек таң намазына келген жамағатқа уағыз айтып жүр. Сонымен бірге ауызашарларға қатысып, құптан намазының алдында насихат айтып, тарауих оқуға қуаты жетіп жүр. Одан бөлек ұдайы қайырымдылық шарасының ортасынан табылады.

Мәселен аталған ауылда ауқымды қайырымдылық ұйымдастырылған. Ауылдағы 4 жанұяға 1 қап ұннан, 5 литр сұйық майдан, 5 келі макароннан,2 келі күріш пен 1 қорап шәй таратылған. Қазіргідей уақытта аталған азық-түлік әжептеуір талғажау.  Бұл жақсы істердің бір парасы ғана.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: