#Шу: Аудан имамы ауызашарға қатысты

#Шу: Аудан имамы ауызашарға қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жақында Шу ауданының  бас имамы Бахтияр Амантайұлы мен «Тоғай» мешітінің имамы Мағжан Мұратұлы Қордай ауданымен көршілес жатқан Ақсу ауылдық округіне барып қайтқан болатын.

Онда бас имам  Баласағұн ауылдық мешітіндегі ауызашарға қатысып, мешіт жамағатымен жүздесті. Ауыл ақсақалдарымен дидарласып, діни ахуал жайын сөз етті. Сонымен қатар Бахтияр Амантайұлы оразаның  қадірі мен қасиеті турасында уағыз айтса, Мағжан Мұратұлы  садақа берудің артықшылығы жайлы насихат  жасады.

Аталған ауылға барған имамдар тарауих намазына қатысып, дұға  жасап тарқасты.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: