Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылындағы «Қасымбай ата» мешітінде Рамазан айының құрметіне тарауық намазында құран хатым түсірілді. Құран Хатымды көршілес Қырғызстан елінен келген Абылов Жеңісбек қари тарауық намазында 15 күнде оқып шықты.
Жеңісбек қари Мысыр елінде құран жаттап, сол елден шариғи білім алған әрі қазіргі таңда оқуын жалғастырып, діни білімін шыңдау үстінде. «Қасымбай ата» мешітінің жамағаты Жеңісбек қариға ризашылығын білдіріп, астына ат мінгізіп және алғыс хатпен разылықтарын жеткізді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіт баспасөз қызметі