Байзақ аудандық “Байзақ баба” мешітінде мешіт ұстазы Жанат Кушербаева мастер-класс ұйымдастырды.
Шарада әйелдерге орамал тағу үлгілері көрсетілді. Алла Тағала қасиетті кітабында бұйырған орамалдың дұрыс тағылу керектігі және модаға айналдырмауға баса мән берілді.
Сонымен қатар, Құранда келгендей омырауға түсірілуі керек болған үлгілерімен қоса шариғат шеңберінен алыс орамал үлгілері де көрсетіліп, шәкірттерге дұрысы мен бұрысын ажырата отырып, шариғат шәлісін тағу насихатталды.
Қызықты практикамен қоса айтылған насихат қыз-келіншектерге ерекше сінімді болған-ды.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі