Мойынқұм аудандық орталық ауруханасында «Дін және қоғам» тақырыбы бойынша «Мойынқұм» мешітінің бас имамы Е.Р.Асылбекұлы дәрігіерлермен кездесу өткізді.
Қоғамдағы халықтың өмір сүру жолы дінмен ұштасқаны дұрыс па, әлде бұрыс па, деген екі түрлі ойда жүрген қаншама бауырларымыз бар. Дінсіз қоғам тексіз ұрпақты өсіреді, тексіз ұрпақ еліңді өшіреді дегендей, адамның Алла Тағала адал етіп көрсеткен ақ жолымен жүрмеуі елдің ертеңіне балта шабу деп түсінуге болады. Себебі өз нәпсі қалауына ерудің зияны өзіне және қоғамға қауып болып келетіні анық. Діні аманның - елі аман.
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі