Қасиетті Рамазан айында "бес уақыт намаз бастаймын" деп ниеттенген жандардың саны артып келеді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітіне тарауық намазына қалмай келіп жүрген ағамыз, Алланың қалауымен бес уақыт намазға жығылды. Қуанышты хабарды естіген «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы ағамызды құттықтап, ағамыздың осы жолда, Ислам дінінде тұрақты болуы үшін дұға жасады. Ислам шарттарын түсіндіріп, намаздың парыздары, бес уақытта намаз оқылатындығын, дәрет т.б. өзекті мәселелер туралы айтып берді. Қандайда бір сұрақ туындаса мешітке келіп жолығуын айтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі