#Т.Рысқұлов: Футболдан жарыс өтті

#Т.Рысқұлов: Футболдан жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рысқұлов ауданына қарасты Қорағаты ауылында спорттық алаңның ашылуына байланысты футболдан жарыс өтті. Жарысқа Жастар ісі секторының бастауымен «Қорағаты» мешітінің жамағаты да қатысты. Алаңның ашылуында ауыл әкімімен қатар «Қорағаты» мешітінің имамы Байқожаев Нұрдәулетке де сөз берілді.

Нұрдәулет имам өз сөзінде ауыл жастарын «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы қарсаңында ауызбіршілік пен ынтымаққа шақырды.

"Пайғамбарымыз Мухаммед (с.ғ.с.) өз үмметін ынтымаққа, ауызбірлікке шақырып, араға іріткі салушы бірлікті бұзатын әрекеттерден тыйды.  Хадисінде: «Сіздер бір кемеге мініп жолға шыққан жолаушы сияқтысыздар. Араларыңыздағы біреу қолына балта алып кемені шаба бастаса, егер сіздер оны тоқтатпасаңыздар барлықтарыңыз суға батасыздар, тоқтатсаңыздар барлықтарыңыз аман қаласыздар» - деп ауызбірліктің маңыздылығын ескерткен болатын. Осы хадис бізге қоғамда өмір сүріп жатқан әрбір адам бір-бірінің тыныштық пен ынтымақтықта өмір сүруі үшін жауапты екендігін ұғындырады. Сондай-ақ еліміздің әрбір азаматы өздері және келешек ұрпақтың бақытты, тыныштық пен ынтымақтықта өмір сүруі үшін өз үлесін қосуы қажет. Сондықтан қазірден бастап ел болашағын ойлап қолдан келгенше ізгі амал жасау қажет,"- деп сөзін тәмамдады.

  Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіт баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: