Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұма күні Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы намазға жиналған жамағатқа «Зекет – бес парыздың бірі» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Уағыз барысында: «Зекет – Ислам дінінің негізгі бес тіректерінің бірі. Зекет тілдік тұрғыда:тазару, өсу, өну, арту және береке деген мағыналарды білдіреді. Ал шариғатымызда зекет деп –нисап көлеміне жететін дәулеті бар мұсылман кісінің Алла разылығы үшін байлығының бір бөлігін жылына бір рет Құранда көрсетілген топтағы адамдарға беруді айтады. Бұл дүниеде Алла Тағаланың пендесіне берген ризық-несібесі әркелкі. Мәселен, біреулер байлықпен өмір сүрсе, енді біреулері кедейлік тауқыметін кешіп, таршылықпен ғұмыр кешеді. Алайда екеуі де бұл өмірдегі Алла Тағаланың адам баласына берген сынағы. Сондықтан Алла дүние берген болса, қайырымдылық жасай жүріңіз», - деп барша байқуатты азаматтарымызды зекет беруге шақырды.
Уағыз соңында, намаз оқып, дұға жасап тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі