#Меркі ауданы: Рамазан қоржыны үлестірілді

#Меркі ауданы: Рамазан қоржыны үлестірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айы басталысымен Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен «Ақжүніс ана» қоғамдық қоры мен орталық «Меркі ата» мешіті игі істі қолға алды. Қос тараптың ұйымдастыруымен қалада «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтіп жатыр. Мұнда азық-түлік салынған себеттер 50 мұқтаж отбасыларға таратылды.

Азамат Берікұлы: «Бұл игі бастамаға аудандағы барлық кәсіпкерлер де қолдау білдіруде. Күн сайын эстафета түрінде мұқтаж отбасыларға ауызашар орнына азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» себеті таратылуда. Оның ішінде күріш, қант, өсімдік майы, шай, ұн, макорон, қарақұмық т.б. тауар түрлері бар. Көпшілікті игі шараға қолдау білдіруге шақырамын», - деп кәсіпкерлерге үндеу жасады.

Айта кетейік, Рамазан айының алғашқы 10 күндігінде Меркі ауданына қарасты 50 отбасына «Рамазан қоржыны» берілген болатын.

Қолдау көрсеткен барша азаматтарға Алла Тағала өзі жар болсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: