Қасиетті Рамазан айында адамдар көбірек жақсылық жасап, ізгі амал істеуге асығады.
Меркі ауданына қарасты Тұрар Рысқұлов ауылы «Жарас» мешітінің имамы Көктал Мдиярдың бастамасымен "Рамазан керуені" қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Қайырымдылық шарасы қасиетті Рамазан айының құрметіне тұрмыс жағдайы төмен 16 отбасына азық-түлік үлестірілді. Кейбіріне қораптар үйді-үйіне жеткізілді. Оразада «Рамазан керуені» атты қайырымдылығына қол жеткізген жұртшылықтың айтар алғысы зор.
Имам ауылдастарын қайырымдылық жасауға шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



10 Тамыз 2026
25 Сафар 1448

