Рамазан барша мұсылманның мүмкіндік айы. Жүрек дауаламай жүрген істі бастап кетуге қолайлы сәт. Себебі сыбырлап ақыл айтатын шайтандар кісенделетін кезең. Осы айда құлшылықты құлшынып істейтін жандар қатары артады. Соны ескерген мешіт имамдары әрбір күнді бос жібермей, уағыз айтуды үдете түседі.
Жуырда Шу ауданы Балуан Шолақ ауылдық "Қойайдар" мешітінде ауызашар беріліп. Тарауих намазының алдында мешіт имамы Аян Байтұрсынұлы "Рамазан айындағы құлшылық ерекшеліктері " тақырыбында көпшілікке уағыз айтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі