#Шу: Тарауық намазда хатым оқылуда

#Шу: Тарауық намазда хатым оқылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айы басталғалы   бері  Шу ауданына  қарасты  «Тоғай» мешітінде қасиетті Құраннан  Хатым түсіріліп келеді.  Жыл бұрын ашылған жаңа мешітке алматылық жас қарилар келіп  қызмет етуде. Олар бір ай бойы кезекпен хатым  түсіріп, тарауих намазын жүргізбек. 17-18 жасар қарилар Алла Тағаланың халқымызға берген бақытына балауға болады. Өйткені жыл өткен сайын Алла сөзін жаттап, жадында тоқығандар саны көбейіп келеді. Бұл еліміздегі тыныштық пен асыл дініміздің өркен жаюының себебінен.

Ахмад Кубанычбеков пен Нұрсұлтан Абдалимовке аталған мешіт жамағаты дән риза. Оразаның он күнінде олар өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, ұйыған адамдардың құлақтарының құрышын қандыруда.

Сонымен қатар бұл мешітте уағыз-насихат жағы да бір сәт әлсіреген емес. Мешіт имамы Мағжан Рзахан күнделікті көпшілікке уағыз айтып, әһлі сүннә сенімінің негіздерінен дәріс беруде. Сондай-ақ жамағатты толғандырған сұрақтарға жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын талмай жүргізіп келеді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: