Жақында Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы аудандағы төтенше жағдайлар қызметкерлерімен кездесіп, келелі сұхбат құрған болатын. Аталға жиынға асыл дінімізбен қабыспайтын ағымдардың белгілері, олардан сақтану жолдары секілді т.б тақырыптар тұздық болды.
Шу қаласындағы Мәдениет үйінде өткен жиында құтқарушылар бас имамға өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, сауатты жауаптарын алды.
Сонымен қатар аталған басқосуға аудандағы бірқатар мекеменің өкілдері қатысып, өз құзіреті шегінде ақпараттармен бөлісті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі