Жақында Шу аудандық «Жәми» мешіті жанындағы әйел-қыздар секторы Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан қоржынын» үлестірді. Шара барысында 5 адамға қазіргі таңдағы талғажау ететін ең қажетті деген тағам түрлері мен қоспалары салынған азық-түлік себеті берілді.
Асыл дінімізде ораза ұстағандарға ауызашар беру әрі қайырымдылық жасау құпталған іс. Оның өзіндік сауабы мол. Сондықтан әрбір азамат осы айда және басқа айларда қолдан келгенше, қарлығаштың қанатымен су сепкендей жақсылық жасауға талпынғаны жөн. Бәлкім сол амал үлкен бақытқа жетуге жол ашуы мүмкін ғой. Қалай ойлайсыз?
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі