#Жуалы: Нұрлыкен ауылында тасаттық берілді

#Жуалы: Нұрлыкен ауылында тасаттық берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы  ауданына қарасты Нұрлыкент ауылдық округіне қарасты Нұрлыкент ауылында ауыл тұрғындары 1-ші сәуір күні мешіт маңына жиналып тасаттық берді. Бір ірі қара мал шалынды. Сонымен қатар,  «Нұрлыкент» мешітінің молдасы Шемшеев Қанатбай жиналған жамағатқа тасаттықтың мән-маңызы турасында сөз қозғап уағыз айтты.

Тасаттық асына барша жұрт жиналды және отыз науқас, ауырып жатқан адамдарға апарылып берілді. Бұл тасаттықтар тек қана жаңбыр сұрау үшін ғана емес, биылғы жыл шөбіміз шүйгін, жеріміз от болсын, құтты берекелі жыл болсын деген ізгі мақсаттың негізінде атқарылды.

Сонымен қатар Қасиетті Рамазан айы ішінде аудан имамы Асхат Аманжолұлы арнайы «Нұрлыкент» мешітінің жаңадан соғылып жатқан мешіт құрылысын көрді. Ауыл молдасы Шемшеев Қанатбаймен жолығып, ауыл тыныс-тіршілігін көріп, мешіттің жүргізіліп жатқан жұмыстардың бүгінгі ахуалымен танысты.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: