#Шу: Шәкірттер білім алуда

#Шу: Шәкірттер білім алуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Білім алу әрбір мұсылманның парызы. Ол қараңғыны жарық ететін құрал. Білім туралы асыл  дініміз бен ата-баба дәстүрінде көптеген  нақылдар келтірілген.  Ал,  ардақты  Алла  Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): Адамдардың абзалы Құранды үйреніп оны  басқаларға үйреткені деген мәшһүр хадисінде.

Осы бағыттағы жұмыстар Шу ауданында жақсы қолға алынуда. Бірқатар мешіттерде балаларға Құран әліппесі үйретіліп, шариғи білімдердің бірінші сатылары үйретуде. Бұл қадам олардың келешекте сауатты, ағымдарға қарсы имунитеті қалыптасқан азамат болуына өз септігін тигізеді.

Сондай сабақтар  Бірлікүстем ауылдық мешітінде өтуде. Мешіт имамы Жетпісбай Әлімбеков ауыл балаларына «Муалим сәниден» сабақтар өтіп, әріптер үйретуде.

Сол секілді Жиенбет ауылындағы «Жиенбет Жексенбай» мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібеков шәкірттері арасында Құран оқу жарысын өткізіп, ынталандыру  мақсатында жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: