Бүгінде күн санап халал өнімге деген сұраныс артып келеді. Сұраныс бар жерде ұсыныстың да артары сөзсіз. Осындай халал өнім шығаратын Қордайлық "ҚМДБ Халал" сертификатын алдған "Дильнур" шұжық кәсіпорны тексерілді.
Тексерісті Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жүргізді. Бас имам цехтың тазалығын, сертификат алғаннан кейінгі жұмыстын талапқа сәйкес келуін, қоспаларды, еттің сойылуын, санитарлық жағдайын қарады.
Кәсіпорын басшысы жұмыс барысымен таныстырып, имам кезең-кезеңімен жасалатын шұжықтың шығарылуын бақылап қайты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі