#Қордай: 30 адамға ет пен азық-түлік таратылды

#Қордай: 30 адамға ет пен азық-түлік таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан  жылына бір рет келетін, сауаптар еселеніп жазылатын берекелі, қасиетті ай. Бұл ай – жәрдемдесу айы. Бұл ай – мүміндердің ризығын арттыратын ай. Кімде-кім Рамазан айында кедей-кепшік, жетім-жесірлерге қол ұшын созып, көмек көрсетсе, Алла оның сауабын еселеп беретіні сөзсіз. Алла Тағала Құран Кәрімнің "Ниса" суресінің 127 аятында айтқандай:  «Қайырдан не істесеңдер де, сөзсіз Алла оны күдіксіз біледі», - дегендей бұл қасиетті айда жағдайы төмен мұқтаж жандарға қол ұшын беру – үлкен сауап.

Сондықтан да мешітте  қайырымдылық науқандары әдеттегіден де көп ұйымдастырылуда. Оның тағы бір көрінісі Қордай орталық мешітінде орын алды.

Қордай орталық мешітінің ұйымдастыруымен мешіт ауласында 1 бұқа сойылып, 30 адамға азық-түлік және сойылған малдың еті үлестірілді.  Ауқымды іс-шараға жалпы 900 000 теңге қаражат жұмсалды. 

Көмек алуға жиналған жұртшылық алдына ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы шығып, қасиетті аймен құттықтап, дұға жасады. Жәрдем алғандар алғыстарын айтып, қуана тарқасты.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: