Рамазан айы – мұсылмандардың мейірімділік пен қайырымдылық жасауға жақсылықта жарысатын ай. Алла Тағала қасиетті Құранда «Бақара» сүресінің 148-аятында «… жақсылықта жарысыңдар» – деп бұйырған. Рамазан айы – мұқтаждардың жоғын жоқтап, сауап ниетімен жәрдем беріп, қайырымдылық көрсетіп, жомарттық танытатын ай.
Осынау айда жомарттық молынан көрініс тауып, кеше ғана өткен "Шарапатты Рамазан" іс-шарасы жалғасын тауып, тағы да 30 адамға көмек көрсетілді.
Көпшілік алдында "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек сөз сөйлеп, ризықтың тек Алладан екенін көркем насихатымен жеткізді.
Жәрдем алғандар разылықтарын айтып, азық-түліктерін алып тақасты. Бұл шарада көкөністер мен қатар тәттілер де қатар берілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі