"ШАРАПАТТЫ РАМАЗАН" АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

"ШАРАПАТТЫ РАМАЗАН" АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбар (с.а.с.) «Кімде-кім Рамазанда Алла үшін кішкентай бір жақсылық жасаса, басқа айларда парыз өтегендей сауап алады. Ал осы айда бір парыз өтеген адам басқа айларда 70 парыз өтегеннің сауабындай сауап алады» деген. Сол себеппен осы қасиетті айда «Һибатулла Тарази» мешіт ұшымы барынша мейірімді, қайырлы болуға күш салды.

Рамазан айының бірінші күнінен бастап облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті қайырымдылық іс-шараларын өткізіп келеді. Сондай бір ауқымды шараның бірі - кеше өткен "Шарапатты Рамазан". Қайырымдылық науқаны аясында 30 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді. 

Шараға жиналғандардың алдына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев шығып, әсерлі сөз сөйледі. Алдымен көпшілікті қасиетті аймен құттықтап, барлық отбасыларға ризық, береке тіледі.

Рамазан айының құрметіне көмек алғандар алғыстарын айтып, тасқасты. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: