Тараз қаласы "Әл-Әділ" мешітінің бас имамы Расылхан Сыбанбай мешіт жанындағы ДСАК-ның әйелдер жамағаты шәкірттеріне Рамазан айының құрметіне арнайы ауызашар берді.
Мешіт ұстазы Ж. Бекназарова шәкірттермен Құран оқып, иләһи айтты. Шәкірттер қонақ ұстаздардың уағызын тыңдап, сұрақ-жауаптар алмасып, тарауық намазы оқылды.
Кеш соңында шәкірттер бас имамға алғыстарын айтып, ризашылықпен тарқасты. Ауызашар керемет руханиятпен өтті. "Бас имамға алғысымыз шексіз!" - дейді әйелдер жамағаты.
Тараз қаласы, "Әл-Әділ" мешітінің баспасөз қызметі