Жуырда Шу аудандық «Жәми» мешітінде қызықты шара өтті. Онда ауданның бас имамы Бахтияр Амантайұлы құптан намазына келген жамағатқа асыл дінімізге қатысты сұрақтар қойып, дұрыс жауап бергендерге арнайы сыйлық берді. Сонымен қатар ораза туралы уағыз айтты.
Ұтқыр жауап берген жандар «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» атты анықтамалық кітапшаға ие болды. Онда жұрт арасында оразаға қатысты мәшһүр сұрақтарға тұшымды жауаптар топтастырылған. Сондықтан пайдасы мол шара мен пайдасы зор кітап өзара үндесіп кетті десек те болады.
Сондай-ақ осындай шара Белбасар ауылындағы «Хати Сауранбай» атындағы мешітте де өткен болатын. Онда мешіт имамы Бақытжан Тілемісов жамағаттың дінге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сұрақтар қойып,бірінші әрі дұрыс жауап қайырғандарға сыйлықтар берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі