#Жуалы ауданы: Ертай ауылында ауызашар берілді

#Жуалы ауданы: Ертай ауылында ауызашар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айында Жуалы өңірінің Ертай ауылының азаматы генерал-лейтенант, ауған соғысыеың ардагері Бақытжан Ертайұлы арнайы ауызашар берді.

Рамазан айының құрметіне арналған осындай тағылымды шараның бірі ауданымызға қарасты Ертай ауылында өткізілді. Айта кету керек, Б.Ертаев мұндай игілікті шараны жыл сайын өткізеді. Батыр биыл да бұл үрдістен жаңылмай, ауылдағы ораза ұстаған жамағатқа арнап, дастарқан жайып, тағы да бір мәрте үлкендердің батасын алып отыр. Ауызашар дастарқанына Бақытжан Ертаевтың Алматы, Түркістан облыстарында тұратын туыстарымен қатар, жекелеген қарулас достары да арнайы келген екен.

Қонақтар ауыз ашпас бұрын Ертай ауылындағы «Құлбайымбет» мешітінде (Б.Ертаевтың бастамасымен салынған) жамағатпен намаз оқып, имамдардың уағызына құлақ қойды. Ауданның бас имамы Асхат Ақмамбетов асыл дініміз Исламның шарттарымен қатар, Рамазан айының қасиеті мен ораза ұстаудың пайдасы, осы қасиетті айда қайырлы да сауапты істерді көбірек жасаудың пайдасымен қатар, басқа да пайдалы діни уағыздар айтты.

Игі шара Құран оқумен басталып, аудан имамы Асхат Аманжолұлы өмірден өткен марқұмдардың рухына дұға бағыштап, көпшілікке ізгі тілегін білдіріп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Көпшілік қауымға дастархан басында Жуалыға танымал өнер жұлдыздары Дәулетбаев Данияр, Тимур Сағынбеков, Мықтыбеков Мәлік жарапазан айтып бір марқайтты. Астан кейін қариялар алғыстарын білдіріп, бата берді.

            Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: