Жуалы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде қасиетті Рамазан айы түндерінде тарауық намазы өз деңгейінде өтіп жатыр.
«Толымбай тегі Зиябек» мешітінің 1993 жылғы жамағаттарының ұйымдастыруымен мешіт бастырмасында Рамазан айы құрметіне дастархан жайып, 80 адамға ауызашар берді.
Аудан бас имамы Асхат Аманжолұлының арнайы шақыртуымен ҚМДБ РАНТ мүшесі, Жамбыл облысы «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы 10 сәуір күні қонақ болып келді.
Облыс наиб имамы Нұралы Бақытұлы мешітке жиылған барша жамағатты мүбарак Рамазан айымен құттықтап, аталмыш айдың қадір қасиеті мен дәрежесі жайында уағыз айтты.
Хадисте: «Ауыз бекіткендер тамақ жеп отырған уақытта тойғанға дейін ауызашар берген адамға игілік тілеп тұрады» делінген. Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады келе жамағаттарға аудан имамы оразаның пайдалары туралы сөз қозғады. Дастархан басында өнерлі жігіттер көпгілікке жарапазан айтып өтті.
Құптан намазы алдын Нұралы Бақытұлы мешітке келген көпшілікке . Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі» деп әсерлі насихат айтты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі