#Шу: Жаңа жол ауылында Хатым оқылуда

#Шу: Жаңа жол ауылында Хатым оқылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан - жылына бір келетін жақсылық айы, тәрбие айы, Құран айы. Бүгінгі таңда Құран оқудың сауабы, артықшылығы мен қажеттілігі туралы қаншалықты айтылғанымен, өкінішке қарай мұсылмандар Алла сөзіне атүсті қарап жатады.  Ал, ораза тұтатын ай жеткенде мешітке келген жамағат Құран аяттарын көбірек тыңдап, кейбірі хатымға құлақ түруге мүмкіндік алады.

Биыл Шу ауданының бірқатар мешіттерінде білікті қарилар құранды бастан-аяқ оқып, имамдық етуде. Сондай-ақ   биыл  Жаңа жол ауылына берілді. Жаңажолдықтар жас қари Камаладдин Низамовтың тарауық намазында хатым түсіріп жатқанына құлақ  түруде. Әрі осы қуанышқа шүкір айтуда.

Мешіт имамы Берік Әуесбаевта құптан намазы алдында жиналған жамағатты уағызбен, Камаладдин  қари Құранмен  сусындатып Рамазан айын лайықты түрде өткізіп жатыр.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: