#Шу: Зекет берілуде

#Шу: Зекет берілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Зекет - асыл дініміздегі бес парыздың бірі. Оны мал-мүлкі, байлығының қажетті қоры бар әрбір мұсылман міскіндерге беруі тиіс. Одан ешкімнің дүниесі кеміп, берекесі қашпайды. Керісінше байлығына байлық қосылып, маңызы кіреді. Сондықтан бұған немқұрайлы қарауға болмайды.

Қасиетті Құранның  көптеген аяттарында «намаз  оқып, зекет бер» деп зікір етілген. Осыны ескерген мұсылмандардың қатарында шулық азаматтар  да бар. Жақында Шу ауданы Ақтөбе ауылдық «Жылғабек» мешітінің имамы Әбусейіт Қоспановтың қатысуымен осы ауылдағы бір азаматқа қалталы кәсіпкер 1 ірі қараны зекет ретінде берді.

Сондай-ақ Бірлікүстем ауылдық мешітінің имамы Жетпісбай Әлімбеков ауылдың аз қамтылған бір отбасына 1 бас қой зекет түрінде берілгеніне куә болды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: