Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен мешіт ауласын жарықтандыру ісі қолға алынды.
Қасиетті Рамазан айында мешітке келушілердің саны біразға артады. Солардың қатарында балиғатқа толған жасы да бар, жасы келген қарттар да бар. Мешітке келушіліредің жағдайын ойлап, мешіт ауласын жарықтандыру ісі қолға алынды. Мешіт ауласының шығыс бөлігіне қосымша 3 жарық шамы орнатылды.
Ізгі іске атсалысқан барша бауырларымызға Алла разы болсын! Әумин!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі