Меркі ауданына қарасты №17-ші орта мектепте жастар арасында волейболдан жарыс өткен болатын.
Жарысқа Меркі ауданына қарасты ауыл командалары қатысты. Командалар қатарында жергілікті имам басқарған Ойтал ауылының жастары да бар болатын. 6 команда арасынан топ жарып шыққан Ойтал командасы ораза екендіктеріне қарамай 1-ші жүлделі орынды иеленді.
Ұйымдастырушылар тарапынан алғысхаттарын алып, ауылдарына медаль тағып, кубок көтеріп жеңіспен оралды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі