Ораза ұстаушыға ауызашар беру - асыл дініміздегі абзал амал. Ардақты Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір жұтым сүт, бір түйір құрмамен болсада ауыз аштыруға ынталандырған. Біз секілді үмметі осы сүннеттен қажетті пайда алуымыз керек.
Бүгінгі таңда мұндай үрдіс кеңінен жайылған. Жуырдағы Шу ауданы Бірлік ауылдық мешітінің мұрындық болуымен таратылған Рамазан қоржыны айтылғандардың анық дәлелі. Ауыл мешітінің имамы Медет Жұматаев аталған іске бастамашы болған ауыл жастарына алғысын білдіріп, олардың ісіне береке тіледі. 30-ға тарта Рамазан қоржыны ауылдағы ауыз бекіткен жандарға таратылды. Қасиетті айда қуанып қалған тұрғындар ақжарма тілектерін білдіріп, Алла разы болсын десті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі