Намаз - діннің тірегі. Жәннәттің кілті. Құлдың Раббысына бой ұсынғандығының бір белгісі. Асыл дінімізде бес парыздың бірі саналатын намаз оқудың өзіндік тәртібі бар. Соны сақтау арқылы құлшылықтың қабыл болуына себеп жасаймыз.
Таяуда Шу ауданы Бәйдібек ауылдық мешітінде жаңадан келушілерге арнап арнайы сабақ өтілді. Ауыл тұрғындарына мешіт имамы Бақытжан Дүйсебаев Ханафи мәзһабы бойынша намаз оқу тәртібін тәптіштеп түсіндіріп, үлгі көрсетті. Сондай-ақ үйренушілер имамға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі