Алла Тағала құлдарына ерекше мейірімді. Өйткені Құран түсіріп, елші жіберіп ақ пен қараны айыруға мүмкіндік берді. Алланың кәләмі болған кітапта тыйым салынған дүние жетерлік. Соның бірі арақ-шарап немесе алкогольді сусынды тұтынбау. Оны жай күнде пайдалану арам саналса, күллі мұсылман қадыр тұтатын Рамазан айында ауызды былғау үлкен күнә.
Осыны ескерген Шу ауданы Көкқайнар ауылдық мешіттің имамы Темірлан Оразбаев ауылдағы дүкендерді аралап, оларға Рамазан айында ішімдік сату тоқтату тұруды, реті келсе мүлдем сатпауды сұрап, кәсіпкерлерге насихат етті. Сонымен қатар ішімдік ішудің зардабы мен зияны, күнәсі туралы айтып, қажетті ақпаратпен бөлісті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі