Жуырда Шу ауданына әкім болып тағайындалған Сәкен Арубаев аудан орталығындағы «Төле би» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты. Алла үйінің іші мен сыртын көріп шыққан аудан басшысына осы мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлы атқарылған жұмыстарды баяндап, алға қойған жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар Сәкен Қаланұлы аталған мешітте тарауих намазында жетекшілік етіп, қасиетті Құранды хатым етіп жатқан бауырлас Түркия елінің Измир қаласынан келген қари Хусейн Серезлимен танысып, оның оңды ыджахаты үшін алғысын білдірді.
"Мешіт - ықылым заманнан Ислам дінін ұстанған ата-бабаларымыз үшін ардақты орын. Тәуелсіздік алғалы бері мешіттеріміз көбейіп, көркейіп келеді. Барша мұсылман қауымы үшін қастерлі Рамазан айында аудандағы үлкен мешіттің біріне бас сұғуды жөн деп санадым. Бірлесіп атқаратын жұмыстардың жайын көрдім. Осы айда ораза тұтқан жандардың ниеті қабыл болсын" - деді аудан әкімі.
Аудандық мәслихат хатшысы Ж.Әбеновпен бірге келген Сәкен Қаланұлы жастардың кері тартпа ағымдардың алдын алуда мешіттердің, әсіресе имамдардың рөлі маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар мешіт имамынан ол осы бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсуді тілек етті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі