#Қордай: Әйелдер жамағаты Рамазан айын тойлады

#Қордай: Әйелдер жамағаты Рамазан айын тойлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Жамбыл облысы Әйел-қыздар секторының Қордай ауданы бойынша жауапты маманы, мешіт ұстазы Эльмира Есімқараеваның ұйымдастыруымен "Рамазан - Құран айы" атты рухани кеш өтті.

Мешіт шәкірттері қатысқан шарада Құран оқудың артықшылығы, оның сауабы, оқу барысында сақталуы тиіс әдеп тілге тиек етілді. Мешіт ұстазы жиналғандарға насихат айтып, Құранды барынша көбірек қолға алуға шақырды. 

"Рамазан айы жыл ішіндегі ең абзал ай болып саналады. Оның артықшылығы жайында көптеген хадистер бар. Құранда «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді» деген. Құранның 1 әріпіне 10 сауап жазылса, Рамазанда ол  10 еселенеді" - деп қыз-келіншектерді ынталандырды. 

 Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: