Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Рамазан айының келуімен Меркі ауданы тұрғындары мен кәсіпкерлеріне үндеу жасаған болатын.
Бас имам өз үндеуінде: «Рамазан берекелі ай, бұл айда жасалған әрбір ізгі амал, құлшылықтың сауабы еселеніп жазылады. Меркі ауданы тұрғындары мен кәсіпкерлеріне үндеу жолдаймын!
Құрметті бауырлар! Сауаптар еселенетін айда қолдарыңыздан келгенше жақсылық жасап қалыңыздар. Кәсіпкер ағалар, кәсіптеріңізге Алла берекесін берсін. Осы айда жеңілдік жасап, халыққа пайдасын тигізетін, қажетті заттарыңызды 30 не 50 пайызға жеңілдікпен, халықтың қалтасына, жағдайына қарап, тіпті осы айдың құрметіне қайырымдылық көмек қылып берсеңіздер нұр үстіне нұр болар еді», - деп кәсіпкер бауырларымызды жақсылыққа шақырған болатын.
Көп ұзамай-ақ, үндеу иесін тапты. Атап айтсақ, бір бауырымыз бір отбасының 100 000 теңгелік қарызын өтеп берді, одан қалды екі ағамыз 2 бұқа құрбандыққа шалып, жағдайы төмен отбасыларға таратып берді. Енді бірі, жиналып сатып отқан ұндарын жиып әкеліп, қайырымдылықтары мешіттен шыққанын қалап мешітке әкелді.
Бас имам кәсіпкер ағаларымызға дұға жасап, Алладан жасаған ізгі ниет, амалдарының қабыл болуын тілеп, дінде тұрақты болуларын, отбасы мен кәсіптері берекеге толы болуын тіледі.
Барша аудан тұрғындарын, кәсіпкер азаматтарын осындай ізгі амал жасауға шақырамыз!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі