#Жамбыл: Ораза турасында дәріс өткізілді

#Жамбыл: Ораза турасында дәріс өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінде жас мешіт жамағатына ауыл имамы Ғани Жанұзақұлы «Ораза – жамандықтың қалқаны» деген тақырыпта дәріс жүргізді.

Аталған дәріске қатысқан мешіт жастары ауыл имамына сұрақ қойып, тиісті жуаптарын алды.

"Кемшіліксіз адам болмайды. Пенде болған соң кей жағдайда білместікпен қателік жасалады. Өкінішке қарай, осы кемшіліктер мен қателіктер, адамның өз қолымен істеген күнәлары ізгі амал жасап жинаған сауабын азайтады, тіпті жояды. Мәселен, біреуді ғайбаттау арқылы өзімізде бар сауапты өшіреміз. Керісінше, ғайбаттаған кісінің сауабына сауап қосып береміз. Сол секілді біреудің ақысы желінсе, о дүниеде оның ақысы өтеледі. Былайша айтқанда, ақысы қайтарылады. Бұл – сауаптан құр қалу деген сөз" - деді имам сөзінде.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: